Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жұмыспен қамту мәселелеріне арналған онлайн жиын өтті

Бүгін"Nur Otan" партиясы Орал қалалық филиалында жұмыспен қамту мәселелеріне арналған онлайн жиын өтті. "ZOOM" платформасындағы кездесуге қалалық мәслихат депутаты В.Крыловтың көмекшісі, "Орал сауда-өндірістік компаниясы" ЖШС-ның бөлім меңгерушісі Александр Капустин қатысты.

Қала тұрғындарымен өткен кездесуде А.Капустин компанияға жұмысқа қабылданған жастарды қызметке бейімдеу шараларынан хабардар етті. "Сонымен қатар жұмыс іздеген азаматтар қаладағы Жұмыспен қамту орталығына жүгіне алады. Орталықта бос жұмыс орындары туралы ақпараттар болады" деді Александр Сергеевич.

Жиын барысында тұрғындар жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты сауалдарын жолдады.

Осы тақырып бойынша

Жұмыспен қамту мәселелеріне арналған онлайн жиын өтті - Yvision.kz