Жұмыс тобының отырысы өтті

Ағымдығы жылдың 11 –ақпаны күні "Nur Otan" партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалында «Бақытты отбасы» партиялық жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспарын құруға арналған жұмыс тобының отырысы өтті.

Жиынға "Nur Otan" партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары О.В. Чугунков, Төрағаның орынбасары А.О. Байжанова және жауапты бір қатар басқармалардың басшылары, орынбасарлары және бас мамандары қатысты.

Отырыста 2021 жылы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында жүзеге асырылатын жұмыстар нақты сараланып, ұсыныстар мен пікірлер тыңдалды.
