Жұмыс сапары барысында аудандағы бірқатар құрылыс нысандарымен танысты
Жұмыс сапары барысында Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Р.С.Ақмырзаев аудандағы бірқатар құрылыс нысандарында болды.
Департамент басшысы Тасқала ауылының М.Мәметова, Абай көшелеріндегі көше жарығын қайта құру және «Сәулет» шағын ауданы мен Жасыбаев көшесінің жолдарын күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
Сонымен қатар, аудан орталығында салынып жатырған Бизнес орталығының және Дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысының барысын қадағалады.
Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.
