Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жұмыс берушілерге мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша квотасын сақтау туралы түсіндіру

2019 жылғы қаңтардың 22-і мен 25-і аралығында Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы «Нұр Отан» партиясының аудандық бөлімшелерімен еңбек ұжымдарында мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастырудың 2-4% квотасын сақтау қажеттігін түсіндіру, олардың негізсіз босатылу фактілерін болдырмау, олардың еңбек құқықтарын сақтаумен әлеуметтік ортаға тартудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында кездесулер өткізілді.Сонымен бірге Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері “Еңбек” Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын түсіндірді, қатысу шартымен бағдарламаның бағыттарымен таныстырды, қызметкердің жұмыстан кеткен кезінде әлеуметтік кепілдер бойынша кеңестер берді, сондай-ақ басқа қызығушылық тудырған сауалдарға жауап берді. Кеңестер келесі ұйымдарда өткізілді: Алматы пайдалану локомотив депосы, Темірбетон бұйымдары және көпір құрылысы зауыты, «LCI-MK” ЖШС, Алматы онкологиялық орталығы, №29, №22 қалалық емханалар, № 154, 160 жалпы білім беретін мектептер.

Сондай-ақ осы кездесулерде «Нұр Отан» партиялық ұйымдарының  қызметі туралы есеп тыңдалды және 2030 жылға дейінгі жаңа партия бағдарламасы жобасының негізгі ережелері талқыланды. Кездесу барысында қатысушылар 2030 жылға дейінгі жаңа партия бағдарламасы жобасының негізгі ережелерін талқылап, құжаттың мазмұны бойынша өз пікірлерін білдірді. Жұмыскерлерге Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының негізгі кезеңдерін түсіндірді.

Аталған кездесуде сөз сөйлегендер:«Нұр Отан» партиясының Түрксіб аудандық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары Нұрланбек Ескендірұлы Әжібаев, Алматы қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің мамандары-Әнел Қиясқызы Азнағұлова, Әділет Дәулетұлы Жаңабаев, Индира Нұрқонысқызы Қанапьяева. Кездесу қорытындысы бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысын белсендіру мен Бағдарлама мен Елбасының Жолдауын іске асыру бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу қабылданды.

0
0
458

Осы тақырып бойынша

Жұмыс берушілерге мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша квотасын сақтау туралы түсіндіру - Yvision.kz