Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жұмыс берушілер мен партия филиалдары арасында меморандум бекітілді

Келісім мақсаты жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған түлектерді тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету. ZOOM платформасы арқылы өткен жиынға 30-дан астам азамат қатысты.

Кездесуде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 2020 жылдың 10 айында атқарған жұмысы бойынша есебі баяңдалды. Баяндамаға сәйкес, биыл бағдарлама шеңберінде 29 872 азаматты жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, 2020 жылдың 1 қарашасына 34 280 адам жұмыспен қамту шараларына қатысқан (114,8%). Ал, жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде орталық арқылы 4 440 азаматты жолдау жоспарланған болса, нақты 4663 азамат (102,0%) жұмысқа тартылған.

Айта кетейік, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жаппай кәсіпкерлікті дамытудың және азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтудың 2017-2021 жылдарға арналған жобасы. Оның бірінші бағыты шеңберінде бағдарламаға қатысушыларды техникалық және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету мақсат болса, екінші бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Ал, үшінші бағыты бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамытуды көздейді.

0
0
183

Осы тақырып бойынша

Жұмыс берушілер мен партия филиалдары арасында меморандум бекітілді - Yvision.kz