Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жұмекен - жыр жұлдызы"

Даңқты жерлесіміз, еліміздің Әнұраны авторларының бірі Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына биыл 85 жыл толып отыр.

Осыған орай Еңбекші ауылдық округінің орталығы Жұмекен ауылында «Жұмекен – жыр жұлдызы» атты шара ұйымдастырылды. Округ әкімі Руслан Әмірханов құттықтау сөзінде

– Жұмекен сайын даланың Құрманғазы мен Дина дүниеге келген топырағынан шығып, күллі қазақтың рухын көтеретін шығармаларын кейінгі ұрпаққа мұраға қалдырды. Қошалақ топырағынан түлеп ұшып, 1956 жылы ұлтымызды әлемге әйгілеген «Менің Қазақстаным» әнін жазды. 48 жыл ғұмырында қазақ әдебиетінде өшпестей із қалдырды, - деп шараға сәттілік тіледі.

Еңбекші ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғаділхан Қалиев:

– Ол өзінің теңіз тұңғиығындай дарындылығымен қаламгерлер ортасында шоқтығы биік, қайталанбас тұлға екенін, биік тұрғанын танымал жазушылар айтып келе жатырғанына жақсы куәміз. Сондықтан Жұмекеннің атын алған ауыл екенімізді үлкен мақтаныш тұтамыз. Бізді еліміз, әлем біледі. Ақынның өміріне қызығушылар көп. Бәрі де оның туған жерінде болғанды қалайды. Тағы да зерттеуге жан-жақтан тарихшылар келе жатыр. Олардың алдында жерге қарап қалмау үшін Қошалаққа барар жолдың бойына қойылған белгінің маңын таза ұстауды ескерейік. Ақылы қызметтің адамдарын жіберіп тазалатпаса, әрлі-берлі жүргендер қоқытуда. Қазір Қазақстанның көптеген жерлерінде ақынның мерейлі жасы тойланып жатыр. Шығыс облыстарда, бұрын Жұмекенді білмеген жерлерде де атап өтілуде. Бірақ, өкінішке орай өзінің туған жерінде осы шаралардың барысы баяу, көңілге қаяу түсіретін жағдайда. Көңілім толып тұрған жоқ, - деп бұл жөнінде аудан әкімімен сөйлесіп, аудандық деңгейде атап өтуді ұсынғанын жеткізді.

0
0
296

Осы тақырып бойынша

«Жұмекен - жыр жұлдызы" - Yvision.kz