жұмбақ кейіпкер жайында жұмбақ адамнан
Бүгінге жұмбақ болған адамды сипаттамас бұрын, оның сыртқы кескін - келбетін суреттеп, кейін оның ішкі жан дүниесіне үңілсек па дейміз. Оның әдемі келбеті, ішкі жан сұлулығына сай ма? Орта бойлы, қоңыр қошқыл ұзын шашты, көзі қазақ халқында сирек кездесетін жасыл түсті. Дегенмен, тарихымызға үңілсек, бұрын соңды қазақ халқының тумаларының жанарның түсі осындай болған деседі. Сыңғырлаған күлкісі, жымиып қарағаны баурағанымен, жүріс - тұрысы біршама еркекшора. "Ауылым - алтын бесігім" деп тұратын ару екендігі бірден байқалады, дегенмен үлкен қала өзіне тартып, баурап, елітетіні рас. Осыны біздің жұмбақ кейіпкерден бірден - ақ байқауға болады, біршама уақыт ішінен қарапайым ауыл адамынан, әдемі аруға айналды. Дегенмен, әлі де ауылдық қылықтары басым. Ендігі кезек мінезде, қарапайым ауыл қызы болғанымен, ауыр, дөрекі мінезін де көрсете алады. Табиғи қалып па? Ауылдық қалып па? Жұмбақ кейіпкерімізге, қазақ қыздарына тән ибалылық, сыпайылық жетпейді ме деген ой да келеді. Мүмкін, қасында демеу болып, оның әсемдігін қашанда айтып, қызартатын жігіт жетпейтіннен болар мүмкін. Айта кетелік, қашанда қатарынан озып, озат болғысы келеді, тәуелсіз, көшбасшы болуға ұмтылады. "Әр адамның шынайы бет-пердесі ол ашулы, долы кезінде ашылады"- демекші, ол адамды осындай қалыпта мүлдем көрмеппін. Бұл табиғаттан келген сабырлық па, әлі де болса жасанды бет перде ма? Дегенмен, еңбекқорлығы бірден байқалады, алдына қойған нақты мақсаттары бар, осы діттегеніне қол жеткізу үшін аянбай, талмай еңбек етуде. Әр адам өзінің қамын ойлайтыны рас, дегенмен жұмбақ кейіпкерден байқағанымыз, өз қамын ойлаушылық басым, достарының арасында болса да, өзінің пайда- мүддесін көбірек ойлайтындай көрінеді. Бірақ, достарының арасында қашанда көңілді, әзіл-оспақты түсінетін жан. Бүгінгі жазылғанды да дұрыс жағынан қабылдап, көңіліне алмас деген ойдамын! Саған сәттілік тілеймін!
