Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Жұлдызды дода». Екінші кезең

Музыка, жарық, күлкі - біреулер биік өкшемен жүруді үйренсе, екіншісі миға сыймайтын жоғары нотаны алады. «Жұлдызды дода. Звездные войны» түсірілімінің қызған шағы.

Автор және жоба жетекшісі Баян Есентаева бірінші кезеңнен біраз сабақ алынғанын айтады. Егер «Жұлдызды дода. Звездные войны» жобасының бірінші бағдарламасында техникалық аппараттар мен декорациясы түсіру бригадасына дейін бәріне бәсекелесу тән болса, қазір барлығы да өз қалпында өтті. Жобаға қатысушылар да өнердегі жаңа қырларын көрсетіп, толығымен жаңашылдық танытуға тырысты.

«Жұлдызды дода. Звездные войны» жобасының бірінші кезеңіндегідей бұл да - екі команданың жарысы. Әртістердің әйел және ерлер құрама топтарының сайысы. Қазірден-ақ тәуекелшілдік пен талантына бәс тігіліп жатыр. 10 орындаушы табылды. Олар жобаның басты талабын түсінді.

Таяу арада жарыс алаңына Айгүл Иманбаева, Индира Расылхан, Гульнара Сильбаева, айдана Меденова, және Ақбота Керімбековалар шығады. Ерлер командасында Алмас Кішкенбаев, Нұрлан Еспанов, Ерден Жақсыбеков, Серік Ибрагимов мен Олжас Садықбек.

Олар сомдайтын образдар - Валерий Леонтьев, Андрей Губин, Мәдина Садуақасова, Шер…

Алмас Кішкенбаев Мәдина Садуақасованы сомдайды. Ол әзірге қайсысы оңай екенін білмейді. Биік өкше аяқ киіммен сахнаға көтерілу ме әлде сопранода ән салу ма?

Барлық әртістер - жобаға қатысушылар марапатқа, әсіресе зор ықылас-құрмет, алғысқа лайық. Себебі әрбір образды сомдауға олар жандүниесімен беріле күш салады. Жанын сала орындайды. Өз кейіпкерінің образын ғана емес, мінезі, стилі мен талантын жеткізуге тырысады. Бірінші кезеңде шынайы баға беретіндігі мен әсіре қызыл көзбояушылыққа жол бермейтіндігін дәлелдеген профессор, еңбек сіңірген әртіс, опера және эстрада әншісі Толқын Забирова қазылар алқасының тұрақты мүшесі болып қалады.

Жобаның қамлай іске асырылғанын бағалау құрметті көрермендер, сіздің еншіңізде. Сіздердің пікірлеріңіз бен сын-ескертпелеріңізді асыға күтеміз.

Жоба жүргізушілері - Баян Есентаева мен Нұржан Әлімжанов

 

0
0
713

Осы тақырып бойынша