Жөл-көлік оқиғаларының алдын алу, жолда жүру ережелерін сақтау бойынша рейдтік шара ұйымдастырылды
2020 жылдың 19 қазан күні облыстық Полиция департаментімен өзара іс-қимыл шеңберінде Орал қаласында жөл-көлік оқиғаларының алдын алу және жолда жүру ережелерін сақтау мақсатында рейдтік шара ұйымдастырылды.
Ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында шараға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің қоғам өкілдері қатысты.
Рейд барысында қала көшелерінде мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген автокөлік тоқтатылды. Терсеріс барысында автокөлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.
