Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табыстан айырылу ...
Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табыстан айырылу жағдайына МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлем әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын жұмыс істейтін әйелдерге жүктілік және босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы негізінде тағайындалады. Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында осы біржолғы төлемді 114 633 болашақ ана жалпы сомасы 57,3 млрд теңгеге алды. Оның мөлшері соңғы 12 айдағы МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар төленген табыстарға және еңбекке жарамсыздық парағына сәйкес еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың І жартыжылдығында МӘСҚ-тан 459 217 алушыға жалпы сомасы 73,1 млрд теңгеге 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/231820...
***
Социальная выплата из ГФСС на случай потери дохода в связи с беременностью и родами, усыновлением (удочерением) новорожденного ребенка (детей) назначается работающим женщинам, участвующим в системе социального страхования, на основании листа временной нетрудоспособности по беременности и родам. За I полугодие т.г. данную единовременную выплату получили 114 633 будущих мамы на общую сумму 57,3 млрд тенге. Ее размер зависит от доходов, с которых уплачивались социальные отчисления в ГФСС за последние 12 месяцев, и количества дней нетрудоспособности, согласно больничному листу. Также в I полугодии т.г. 459 217 получателям из ГФСС осуществлены ежемесячные социальные выплаты на случай потери дохода в связи с уходом за ребенком до 1 года на общую сумму 73,1 млрд тенге. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/231820...
