Ж. Досмұхамедов атындағы колледжде парасаттылық мектебінің ашылуы📍
2019 жылғы 20 желтоқсанда Ж. Досмұхамедов атындағы Жоғары педагогикалық колледжде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Н. А. Шабдар, Батыс қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары М. Н. Манкеев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Р. С. Ақмырзаевтың қатысуымен парасаттылық мектебінің ашылуы өтті.
✅Ізгілік мектебін ашу мақсаты: студенттік жастар ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру және жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін дайындау, сондай-ақ колледждің академиялық және ғылыми қызметін жетілдіру.
🛑Департаменттің бастамасы бойынша колледж аумағында «Integrity shop» дүңгіршегі жұмыс істейді, онда студенттер арнайы жәшікте төлем қалдырып, қажетті кеңсе тауарларын сатып ала алады. Студенттерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету және оқу кезеңінде академиялық мәселелер бойынша кеңес беру.🛑
