ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Жұбан» орталығында «Nur Otan» партиясы Ақжайық аудандық филиалының актив отырысы өтті.

«Жұбан» орталығында «Nur Otan» партиясы Ақжайық аудандық филиалының актив отырысы өтті. Аудандық филиалдың активіне «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Рахметұлы Мұқаев, аудандық филиал төрағасы Қалияр Шадиярұлы Айтмұхамбетов, филиал төрағасының бірінші орынбасары Айжан Ғибатоллақызы Нысанбаева, Саяси кеңес және бюро мүшелері, ардагерлер, мәслихаттағы фракция мүшелері, партия белсенділері, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, жастар, БАҚ өкілдері қатысты.

Актив отырысында облыстық Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары - Жол карталарының орындаудағы міндеттер туралы, аудандық сайлауалды бағдарламасы және жол картасында көрсетілген жұмыстары туралы, сайлау алдындағы халықпен кездесулердегі аманаттардың әр депутаттың қолға алған бір жобалары және басқада тапсырмалардың орындалуы туралы қаралды.

Облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Рахметұлы Мұқаев партияның облыстық деңгейдегі атқарылған жұмыстарына тоқталып, сайлауалды бағдармаласын жүзеге асырудағы жол картасының орындалуы жөніндегі міндеттеріне тоқталды.

Ал аудандық филиал төрағасы Қалияр Шадиярұлы Айтмұхамбетов ауданның сайлауалды бағдармаласымен таныстырып, Жол картасы аясында 2021-2025 жылдарда атқарылатын жұмыстар туралы айтып өтті.

Сонымен қатар Аудан әкімінің орынбасары Ердос Рашидұлы Умитов Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша бекітілген Жол картасындағы «Экономикалық тұрақты аудан», «Жайлы аудан», «Әлеуметтік бағытталған аудан», «Жастарға арналған аудан», «Тарих пен мәдениетті дамыту», «Ашық және есеп беретін жергілікті органдар», «Қауіпсіз аудан» санды жеті басымдықта айқындалған 14 көрсеткіштерді іске асыру үшін 114 шара жасақталды. Жол картасында келер бесжылдықта іске асыруға жоспарланған жобалар және жұмыстар жөнінде айтып өтті. Аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Айжан Ғибатоллақызы Нысанбаева праймериз кезінен бері халықтан жиналған аманаттармен жаңадан сайланған VII шақырылымдағы депуттардың жұмыс жоспарларымен және жол картасын орындаудағы берілген тиісті тапсырмалардың орындалуы жөнінде баяндап шықты. Аудандық мәслихат депутаты Сәлімгерей Қалимеденұлы Сиражев өз ұсыныстарын білдірді.

Жиын соңында Мұрат Мұқаев аудандық филиал жұмысына сәттілік тілеп, жиынға қатысушыларға ризашылығын білдірді. «Жұбан» орталығымен танысып, аралады.

«Nur Otan» партиясының Ақжайық аудандық филиалы