Ж. Бөкенбаев: ДСҰ-ға ену – Қазақстан экономикасын дамытудың басты қадамы
Қазақстанның Дүниежүзідік сауда ұйымына кіруі – республика экономикасын дамытудың басты қадамы, деді ҚР ИДМ «Электр энергиясы мен энергия тиімділетуді дамыту институты» АҚ басқарма төрағасы Жақып Бөкенбаев.
«ДСҰ-ға ену Қазақстан экономикасының дамуының басты қадамы деп есептеймін. Инвестиция тартумен қатар бірқатар қиындықтар бар әрине, алайда Үкімет нақты жоспар құрастырды. Олар біздің кәсіпкерлер әлемдік нарыққа шығуы үшін барлық жағдайды жасады. Көптеген тетіктер бар, олардың бірі – энергия тиімдеу, кәсіпорындарды жаңғырту, инвестиция тарту», - деді Ж.Бөкенбаев.
Оның айтуынша, Қазақстан ДСҰ нарыұтарында тау-металлургиялық сала мен электр энергетикасы саласында бәсекелестік таныта алады.
«Біздің экономиканың энергия сиымдылығының түсуі жаһандық нарықта бәсекелестік жасаудың мүмкіндігі. Бұл тау-кен металлургия саласы мен электр энергиясына байланысты. Тағы бір маңызды сұрақ – инфрақұрылымды дамыту, ТКШ, оларды дамытудың үлкен әлеуеті бар», - деді ол.
Айта кетейік, ДСҰ-ға ену келіссөздері 19 жылға созылды. Қазақстан 1996 жылдың 29 қаңтарында өтініш берген.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі ДСҰ нарықтарымен бәсекелесуге бұрыннан үйренгендігін сарапшы хабарлаған болатын.
Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі ел тәуелсіздігін алған жылдардан бері жұмыс істеп келеді, осыған қарай, бұл сала өкілдері Дүниежүзілік сауда ұйымының нарықтарымен бәсекеге түсуге бұрыннан үйренген, деді «ЕСКО» ЖШС-нің шұлық бұйымдары өндірісі жөніндегі директоры Андрей Шмарин Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер одағының бірінші мәжілісінде.
«Қазіргі таңда ДСҰ-ны қоса алғанда, үдетілген ықпалдастық үдерістері жүріп жатыр. Біз сауда ұйымына кірдік. Енді, бізге қатаң бәсекелестікке дайындалу керек. Қазақстанның нарығына шетелдік компаниялар кіре бастайды. Мемлекет кәсіпкерлерді қолдауға тырысады, алайда бұл жерде бизнестің өзінің бастамасының болғаны да маңызды. Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер одағын құру айтулы оқиға. Бізге бірлесіп, даму, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, өзіндік бағаны төмендету бағыттары бойынша ұсыныстар дайындау керек»,-деді «NADLoC» Ұлттық жергілікті қамтуды дамыту агенттігі» АҚ-ның Басқарма төрағасы Қайрат Бектұргенов шара барысында.
Бұған қоса, «ЕСКО» серіктестігінің шұлық бұйымдары өндірісі жөніндегі директоры Андрей Шмарин одақтың бірінші мәжілісінде жеңіл өнеркәсіп саласы үшін ДСҰ-ның қорқынышты емес екенін атап өтті.
«Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі ДСҰ аясында ел тәуелсіздігін алған жылдардан бері жұмыс істеп келеді. ДСҰ-дан қазір ісін енді бастағалы отырған салалар қорқуы тиіс. Ал жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар бәсекелесуге баяғыда үйренген. Біздің бірігуіміздің негізгі мақсаты – ойлағанымызды ұжым болып жеткізу жағы кемшін түсіп жатуымен байланысты. Біз көп болып қана, өзіміздің проблемаларымызды тиісті органдарға жеткізіп, өзіміздің мүддемізді қорғап, мемлекетке өз бетінше әрекет ете алатын күш екенімізді көрсете аламыз»,-деді ол.
Айта кетейік, Қазақстанда Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер одағы құрылды. Бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында аталмыш одақтың бірінші мәжілісі өтті.
