"Өзгерістер жолы:Әркімге лайықты өмір!"
Бүгін "Nur Otan" партиясының Есіл аумақтық филиалы сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі Есіл ауданы бойынша "Өзгерістер жолы:Әркімге лайықты өмір!" Жол картасын бекіту жөніндегі Саяси кеңес бюросын өткізді.
Аудандық мәслихат депутаттары С.К. Ағымбаева, Л.И. Клименко, Б. С. Баймұратов жол картасын бекіту туралы бастама көтерді. Сайлауалды бағдарламаны іске асыру бойынша Есіл ауданының жол картасында жылдар бойынша іске асыру мерзімі мен жауапты орындаушылары бар, сондай-ақ 32 нысаналы индикатор бар.
Ауданның жол картасының орындалуын бақылау бойынша жұмысқа аудандық мәслихат депутаттары қосылған. Тоқсан сайын уәкілетті органдар мен фракцияларға мүше депутаттардың іс-шаралар жоспарын орындау бойынша оларға бекітілген белгілі бір индикаторлар бойынша есептері тыңдалады. Депутаттардың алдында тұрған негізгі міндеттер бюджет қаражатын тиімді пайдалануды бақылаумен байланысты.
