Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Өзгерістер жолы Әр азаматқа лайықты өмір!" Сайлауалды бағдарламасы аясында

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын іске асыру аясында "AMANAT" партиясының мүшелері, Бөрлі аудандық мәслихат хатшысы К.Ермекбаев, мәслихат депутаттары Б.Дюсенов, Н.Муфтеева, А.Еничев, Л.Елеусинов Бумакөл ауылдық округіне карасты Облавка ауылында 2021 жылы іске асырылған ауыз су құбырларының жұмыстарымен танысты. Ауыз сумен қамтамасыз етілген ауыл тұрғындарының қуанышы еселене түсті. Сапалы тіршілік көзімен 92 үй қамтамасыз етілген. Сайлауалды бағдарламаның Жол картасына енгізілген бұл жоба оң шешімін тапты.

0
0
211

Осы тақырып бойынша