«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»
«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын Жәнібек ауданында іске асыру жөніндегі Жол картасында белгіленген міндеттердің орындалуына партиялық бақылау жүргізу мақсатында «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов, «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшілері «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша Жәнібек ауылының Байтұрсынов көшесіндегі автожолдың күрделі жөндеу жұмыстарының процесімен танысты. Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде мердігер «РСУ-1» ЖШС болып анықталған, техникалық қадағалаушысы «Алау Эксперт Инжиниринг» акционерлік компаниясы белгіленген. Келісім шарт бойынша жұмыстар 2021-2022 жылдарға қарастырылған. Автомобиль жолының ұзындығы – 2308 метрді құрайды.

