«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір»
"Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалының жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы С.Молдашев, аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Бекмулдин және комиссия мүшелері «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген Жалпақтал, Сарықұдық, Талдықұдық ауылдарында жүргізіліп жатырған құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысын қарады. Құрылыс жұмыстарының барлығындада жергілікті жердің тұрғындарын қосымша қамтыған. Комиссия мүшелері ауа-райының қолайлы кезеңін тиімді пайдаланып қалу керектігін тапсырды. Құрылыстардың мерзімінде сапалы аяқталуын Партиялық бақылау комиссиясы үнемі назарда ұстайтын болады.



