"Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!"


«Nur Otan» партиясының "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!" атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасы бойынша "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасын жүзеге асыру барысында медициналық - әлеуметтік мекемелерде қарт адамдардың тұру жағдайларына мониторинг жүргізу жұмыстары өз жалғасын тауып жатыр. Мониторингтік топтың алдын ала жасақталған кестесіне сәйкес КММ "Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Жалпақтал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына", КММ "Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Бәйтерек және Тасқала арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына", КММ "Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Бөрлі және Шыңғырлау арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында" топ өз жұмыстарын атқарып бақылау жұмыстарын өткізіп келді. Мониторингтік топтың өткізген жұмыстарына сәйкес түрлі ұсыныстар айтылып, қызмет көрсету орталығының жұмысын жетілдіруге арналған мәселелер қозғалып, құзіретті мекемелерге арнайы ұсыныс ретінде жолданды.


Алдағы уақытта жоспарға сәйкес, облыс орталығында орналасқан медициналық – әлеуметтік мекемлерге мониторинг жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп отыратын болады.



