ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!

Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!

Бүгін жоспарға сәйкес аудандық «Nur Otan» партиясының Фракциясының екінші отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде екі мәселе қаралып іс – шаралар жоспары – жол картасы талқыланып, Сырым аудандық мәслихатындағы партия Фракциясының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары таныстырылып филиалдың Саяси Кеңесі Бюросына ұсынылды. Бірінші мәселе бойынша Сайлауалды бағдарламадағы ұсынылған жобалар бойынша жасақталған әр шараның атқарылуы мен орындалуы оған жауаптылар анықталды. Өзім ауданның әлеуметтік, құқықтық мәдени шаралардың басым бөлігіне жауапты болып табыламын. Сондықтан алдағы уақытта осы Жол картасының орындалуы барысымен жете тагныстыратын боламын. Қазіргі таңда жоспарға енген 92 іс – шараның орындалуы басты назарда болмақ. Алдағы бес жылға бөлінген бұл шаралар кезең – кезеңімен іске асатын болады. Барлығы да ауданымыздың 7 даму бағыты бойынша жұзеге асады. Олардың ішінде 1.Экономикалық тұрақты аудан. 2. Жайлы аудан. 3. Әлеуметтік бағытталған аудан. 4. Жастарға арналған аудан. 5. Тарих пен мәдениетті дамыту. 6.Ашық және есеп беретін жергілікті органдар. 7.Қауіпсіз аудан жобалары аясында орындалады. Алдағы уақытта ауданымыздың саяси, әлеуметтік – экономикалық дамуы жіті бақылауда болып уақытында орындалуы қадағаланады. Аудандағы тұрақты мәселелердің ішінде инфра – құрылымды дамыту, интернет желісі, ауыз су, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмыссыздықты азайту, азық – түлік қауіпсіздігін қамтамсыз ету, салауатты өмір салты, мәдени даму, туризм, эколгиялық мәселелер жіті назарда. Биылғы жылы 3 ірі инвестициялық жобалар қолға алынып, 115 адам жұмыспен қамтылмақ. Әр айтылған аманаттың орындалуы мен атқарылуына ай сайын әлеуметтік желі арқылы есеп беретін боламын.