Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!»

«Nur Otan» партиясы атынан Жалағаш аудандық мәслихатқа үміткерлер Кенжебаев Ахан, Қалиянов Бауыржан, Қайранбаева Айжан, Меңдібаева Ұлмекен, Жылқыбаев Батыржандар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін Мырзабай ахун ауылының тұрғындарымен кездесті. Үгіт-насихат жұмыстарының басты мақсаты «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!» «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы алдағы 5 жылға бағытталған ілкімді істерді кеңінен түсіндіріп, осы уақытқа дейін партияның атқарған жүйелі жұмысын таразылау.

Үміткерлер бағдарламада көзделген ауылға қатысты жағымды жаңалықтармен бөлісіп, тұрғындардың оң бағасын алды.

Тұрғындар үшін сапалы және жақсы жолдар мен инфрақұрылым болуы тиіс. «Nur Otan» партиясы елді мекенішілік және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын жөндеу мәселесін шешетін болады. Ол үшін «Nur Otan» партиясы: 2023 жылға аудандық маңызы бар Мәдениет – Мырзабай Ахун елді мекендер аралығындағы 4 шқ жолды орташа жөндеуге және 2025 жылға дейін елді мекенішілік жолдарды орташа жөндеуге ықпал ететін болады. Ал халық денсаулығын жақсарту мақсаттында аталмыш ауылдық округке ауылдық дәрігерлік амбулаторияның құрылысын салуға жұмыстар жасайтын болады. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы көше жарықтары орнатылатын болады.

20 жылдан аса тарихы бар, ойып тұрып орын алатын өзіндік тарихы бар «Nur Otan» партиясын алдағы өтетін сайлауда таңдайтынын және үміткерлерге тек сәттілік пен ақ батасын берді.

#NurOtan

#NurOtanQyzylorda

#NurOtanJalagash

#NurOtanДауысБер

#ГолосуйЗаNurOtan

#BIZBIRGEMIZ

#Жеңімпазбол

0
0
264

Осы тақырып бойынша

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!» - Yvision.kz