Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өзгеріс керек пе - қолда! Жақсы өмір керек пе - аралас!

2020 ЖЫЛДЫҢ 25 НАУРЫЗЫ - БҮКІЛҚАЗАҚСТАНДЫҚ МИТИНГ КҮНІ

Митинг мақсаты:

1. 25 ақпан, халық мүддесі үшін өмірін қиған қоғам қайраткері Дулат Ағаділдің құрметіне, ресми түрде, «Демократия күні» деп бекіту және Ұлттық мереке деп жариялау.

2.Қазақстанның Ата заңының 32 бабында көрсетілген, «...бейбіт әрі қарусыз жиналуға, митингілер мен демонстрациялар өткізуге хақылы», деген демократиялық құқықтарды пайдалану, мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке нұқсан келтірмейтіндіктен, еркін, мемлекет тарапынан шектеусіз қолдану.

3.Бейбіт әрі қарусыз өткізілген барлық жиналыстарды, митингілер мен демонстрацияларды күшпен таратуға бағытталған барлық іс-әрекеттер, «демократия үрдістеріне қайшы және заңсыз», деп жариялау.

4.Қазақстан азаматтарының, Қазақстанның Ата заңының 32 бабының негізінде, бейбіт әрі қарусыз өткізілген барлық жиналыстарды, митингілер мен демонстрацияларды, шерулерді және тосқауылдарды күшпен тарату кезінде халыққа, оның ішінде аталар мен әжелерге, жүкті әйелдерге күш қолданған полиция қызметкерлері және күш қолдануға бұйрық берген басшыларды қылмыстық жауапкершілікке тарту.

5.Ішкі істер министрі Е.Тұрғұмбаев және Нұр-Сұлтан қалалық ішкіс істер департаментінің бастығы Е.Сәденов, т.б. қалаларда, бейбіт әрі қарусыз өткізілген барлық жиналыстарды, митингілер мен демонстрацияларды, шерулерді және тосқауылдарды күшпен тарату орын алған қалалардың ішкі істер департамент басшыларын орындарынан босату және болашақта ешқандай мемлекеттік қызметке қабылдатпау.

6.Қазақстан халқының мұң-мұқтажын және демократиялық үрдістерді іске асыру мақсатында демократиялық ұйымдар (қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер, партиялар, қоғам белсенділері т.б.) мүшелерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен Ұлттық комиссия құру.

7.Қазақстан халқының мұң-мұқтажын және жоғарыда аталған демократиялық үрдістерді іске асыру үшін, Қазақстан халқы мен Қазақстан Республикасының президенті Қ.К.Тоқаев арасында бетпе-бет кездесуді ұйымдастыру мақсатында, үстіміздегі жылдың 25 наурыз күні, Қазақстанның Ата заңының 32 бабының негізінде, бейбіт әрі қарусыз жиналып, мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмейтін, еркін, мемлекет тарапынан шектеуге жатпайтын Бүкілқазақстандық МИТИНГ өткізу. Митингті сағат 12-де, Нұр-Сұлтан қаласында, Ақорда алдындағы алаңда бастау (Басқа елді мекенде өтетін митингтер, жергілікті әкімшілік алдындағы алаңдарда өткізу). Митингке Қазақстан халқының сұранысына жауап беру үшін Қазақстан Республикасының президенті Қ.К.Тоқаевты шақыру. Тоқаев митингке қатысудан бас тартқан жағдайда, митингті тосқауылмен ұштастыру.

Ескерту: Үстіміздегі жылдың 25 наурыз күні өткізілетін митингке қатысушылардың қауіпсіздігін және мемлекеттік күштік құрылымдар тарапынан арандатушылық пен күш қолдануға жол бермеу мақсатында, митингтің өтуін, халықаралық құқыққорғау ұйымдары мен демократиялық мемлекеттердің Қазақстанда орналасқан Елшіліктерінің қадағалануына алу ұсынылды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К.ТОҚАЕВҚА

1.Қазақстан халқына, Қазақстан Республикасының Ата заңының 32 бабында көрсетілген, «Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы», деген демократиялық құқықтарды пайдалану, мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмейтіндіктен, еркін, мемлекет тарапынан шектеусіз қолданылуын қамтамассыз етіп, ӘЛЕМГЕ, демократиялық мемлекеттің басшысы екеніңізді ДӘЛЕЛДЕҢІЗ.

2.Қазақстан халқының мұң-мұқтажын және демократиялық дамуды халықаралық тәжірибеге сай іске асыру мақсатында, демократиялық ұйымдар (қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер, партиялар, қоғам белсенділері т.б.) мүшелерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен Ұлттық комиссия құру туралы шешім қабылдаңыз.

3. 2020 жылдың 25 наурыз күні сағат 12-де, Ата заңның 32 бабының негізінде, бейбіт әрі қарусыз жиналып, мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмейтіндіктен, еркін, мемлекет тарапынан шектеуге жатпайтын МИТИНГКЕ қатысып, демократиялық дамудың кепілі екеніңізді дәлелдеп, халықтың сұраныстарына жауап беріңіз.

4. 2020 жылдың 25 наурыз күні Ата заңның 32 бабының негізінде, бейбіт әрі қарусыз жиналып, мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмейтіндіктен, еркін, мемлекет тарапынан шектеусіз өткізілуін, қатысушыларды заңсыз, күш қолдану арқылы таратуға тиым салып, өтетін митингілердің бейбіт өткізілуін мемлекеттік күштік құрылымдарға жүктеңіз.

Ескерту: Демократиялық дамуды күшпен шектеу, халықтың жалпы наразылығын туғызып, төңкеріске алып келу ықтималдығын Украинадағы және Қырғызстандағы оқиғалар көрсетті. Ақылды – басқаның қателігінен, ақымақ - өз қателігінен сабақ алады (орыс мақалы).

2020 ЖЫЛДЫҢ 25 НАУРЫЗ КҮНІ ӨТЕТІН БҮКІЛҚАЗАҚСТАНДЫҚ МИТИНГТЕРГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРҒА

1.Митинг, Қазақстанның Ата заңының 32 бабының негізінде өтетіндіктен, қатысушылардан, бейбіт әрі қарусыз жиналу, мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмеу талап етіледі.

2.Митингке қатысушылардың, оның ішінде қарт адамдардың, әйелдердің, мүгедектердің қауіпсіздігін қамтамассыз ету және мемлекеттік күштік құрылымдар тарапынан арандатушылыққа жол бермеу мақсатында, 21-40 жас аралығындағы ер-азаматтарға сыртқы сапта тұрып, қауіпсіздікті қамтамассыз ету тапсырылады.

3.Тосқауыл кезінде кез келген адам тарапынан мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін іс-әрекет байқалса (олар – арандатушылар), оларды әшкерелеу мақсатында дереу суретке, бейнетаспаға түсіру тапсырылады.

4.Мемлекеттік күштік құрылымдар тарапынан арандатушылыққа, күш қолдануға жол бермеу мақсатында, «Митинг – Ата заңның 32 бабында көрсетілген құқық!», «Митинг – заңды!» және «Сарбаздар! Халықпен бірге болыңыздар!» деп жазылған кермелерді қолдану тапсырылады. (Заңға қайшы келетін және митинг мақсатына зиян келтіретін ұрандар – арандатуға жатады!)

ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР, БІРЛЕСТІКТЕР, ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІНЕ: МАҚСАТ ОРТАҚ - БІРІГІҢІЗДЕР!

1.2020 жылдың 25 наурыз күні, Қазақстанның Ата заңының 32 бабының негізінде, бейбіт әрі қарусыз жиналып, мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмейтін, еркін, мемлекет тарапынан шектеуге жатпайтын БҮКІЛҚАЗАҚСТАНДЫҚ МИТИНГТЕРДІ бейбіт өткізілуін қадағалау үшін, тікелей қарым-қатынастағы халықаралық демократиялық ұйымдар мен шет елдік бұқаралық ақпарат құралдары шақырылсын.

2. 2020 жылдың 25 наурыз күні өткізілетін Бүкілқазақстандық митингтердің, Қазақстанның Ата заңының 32 бабына сәйкес өтуі қадағалансын және арандатуышылыққа жол берілмесін.

3. 2020 жылдың 25 наурыз күні аймақтарда өткізілетін митингілер Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, тосқауылдар және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы заңға сәйкес ұйымдастырылсын.

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНА

Үстіміздегі жылдың 25 наурыз күні өткізілетін Бүкілқазақстандық демократиялық митинтерге қатысушылардың қауіпсіздігін және мемлекеттік күштік құрылымдар тарапынан арандатушылыққа жол бермеу, арандатушылық, заңсыз күш қолдану болған жағдайда, оларды әшкерелеп, жауапқа тарту мақсатында, өтіп жатқан митингтер, Қазақстан халқына тікелей эфирде көрсетілсін.

МЕМЛЕКЕТТІК КҮШТІК ҚҰРЫЛЫМДАР САРБАЗДАРЫНА

1.Сарбаздар! Сіздер де Анадан туғансыздар! Сіздердің басты міндеттеріңіз – халықты қорғау. Осы уақытта Қазақстанда өтіп жатқан және өтетін жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер, тосқауылдар, Қазақстанның Ата заңының 32 бабына сәйкес келеді және бейбіт әрі қарусыз, мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмейтіндіктен, бұл жиындарды күшпен тарату – ЗАҢСЫЗ! Сондықтан, осы жиынға қатысушы ХАЛЫҚҚА, оның ішінде жасы келген ата-әжелерге, аналарға, мүгедектерге күш қолдану ТОҚТАТЫЛСЫН! ХАЛЫҚТЫ ҚОРҒАҢЫЗДАР!

2.Зейнетке шыққан Ақтаулық полиция қызметкерлерін, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, тұрғын үйлерінен қуып шығу оқиғасы, сіздердің «еңбектеріңіздің» мемлекет тарапынан бағаланбайтынын көрсетті. Ертең, сіздердің аналарыңыз, жұбайларыңыз, қыздарыңыз, қарындастарыңыз, өздеріңіз министрлер үйі алдынан күшпен таратқан аналар қатарында болмайтынына ешқандай кепілдік жоқ! Сіздердің тағдырыңыз - халықпен бірге! Сондықтан, ХАЛЫҚ ЖАҒЫНА ШЫҒЫП, ХАЛЫҚТЫ мемлекеттік қызметте отырған ЖЕМҚОРЛАРДАН ҚОРҒАҢЫЗДАР!

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРІНЕН ҚУЫЛҒАН АҚТАУЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРІНЕ, Т.Б. МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН ӘДІЛЕТСІЗДІККЕ ҰШЫРАҒАН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ

Өздеріңіздің іздеріңізді басып, полицияда қызмет атқарып жүрген інілеріңізді, халыққа күш қолданудан бас таруға шақырыңыздар! Өздеріңіз, 2020 жылдың 25 наурыз күні өткізілетін Бүкілқазақстандық митингке қатысыңыздар! Мақсатқа халықпен бірге ғана жетуге болады!

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМҒА

Қай заманда болса да, зиялы қауым, өз бастарына төнген қауіпке қарамастан, билікке ащы шындықты айтып, халық мүддесін қорғаған. Сол үшін қаншасы қыршынынан қиылды!

21 ғасырдың зиялылары! Халық басына күн туғанда, қалыс қалмаңыздар!

Айт шындықты билікке, жеткіз халық мұңын! Халықпен бірге бол!

ҰРПАҚ БОЛАШАҒЫНА МҮДДЕЛІ БАРША ҚАУЫМҒА

Жарқын болашаққа 30 жылдан кейін емес, бүгін жету үшін – ҚОЗҒАЛЫСҚА қолдау көрсетіңіздер, пікір айтыңыздар, ұсыныс жасаңыздар! Шақырыңыздар ДОСТАРДЫ қозғалыс қатарына!

Барлық қолдаушыларға шын жүректен АЛҒЫС!!!

Бұл шара, Қазақстанның Ата заңының 32 бабына сәйкес өтетін болғандықтан - заңды! Сондықтан, сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз болса, Жұматай Абильдиновтің facebook парақшасында ашық талқылауға шақырамыз.

«ОЯН, ҰЛЫ ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫ!» ҰЛТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ

0
0
925

Осы тақырып бойынша

Өзгеріс керек пе - қолда! Жақсы өмір керек пе - аралас! - Yvision.kz