Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Зейнеткер 30 жылға жуық құжатсыз жүрген

-Зейнеткердің өтінішінен кейін тиісті орындарға хабарласып, мәселенің шешілуіне атсалыстық. Арада көп уақыт өтуіне байланысты зейнеткерге жеке куәлік рәсімдеу бір шама уақытқа созылды. Мәселені шешу барысында аудандық көші-қон полициясына, ШҚО ІІД-не сұрау салынды. Нәтижесінде мәселе оң шешімін тапты- дейді Nur Otan" партиясының Бесқарағай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.У.Омаров.

Белокаменка ауылының тұрғыны Л.В. Шостак КСРО үлгісіндегі паспорты Қазақстан тәуелсіздік алып құжаттар жаңа үлгіге ауысқан тұста , деркезіде ҚР жеке куәлігін рәсімдей алмаған. Жеке куәлігінің болмауына байланысты зейнеткерге зейнетақыны алуға, қандай да бір жәрдемақыны ресімдеуге, медициналық ем алуға мүмкіндігі болмаған.

-Көптен күткен жеке куәлікті алып, бүгінгі күнге дейін ала алмай жүрген зейнетақымды жәнеде өзгеде мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектерді алуға мүмкіндік туды. Осы мәселенің нәтижелі шешілуіне тікелей ықпал еткен "Nur Otan" партиясына алғысымды айтамын- дейді зейнеткер Л.В. Шостак.

1
0
276

Осы тақырып бойынша

Зейнеткер 30 жылға жуық құжатсыз жүрген - Yvision.kz