Зейнетақыны екі мемлекетте алуға бола ма
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құқықтарының кепілдіктері туралы 13.03.1992 жылғы келісімге сәйкес,келісімге қатысушы мемлекеттердің азаматтары мен олардың отбасы мүшелерін зейнетақымен қамсыздандыру олар тұратын мемлекеттің заңнамасы бойынша жүзеге асырылады.
Келісімге қатысушы мемлекеттер шегінде зейнеткер қоныс аударған кезде бұрынғы тұрғылықты жері бойынша зейнетақы төлеу тоқтатылады.
Зейнетақы мөлшері келісімге қатысушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес жаңа тұрғылықты жері бойынша қайта қаралады.
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР Заңының 12-бабына сәйкес мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және жасына байланысты зейнетақы төлемдері өмір бойына тағайындалады және қайтыс болған немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен айына қоса жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасындағы зейнеткерлер басқа мемлекеттің азаматтығын ала отырып, зейнетақының тоқтатылуына, тоқтатыла тұруына әкеп соғатын барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерінің өзгеруі, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетуі туралы он жұмыс күні ішінде хабарлауы қажет.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Конституциясының 10-бабының 3-тармағына және "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды. ҚР азаматтары заңнама талаптарын сақтауы керек, осыған байланысты бір мезгілде біздің еліміздің азаматтары бола отырып, шетел азаматтығын алуға болмайды, сондай-ақ қос азаматтықтың жағымсыз салдарын да ескеру керек.
Қос азаматтықтың болуы анықталған жағдайда осы адамдардың ҚР азаматтығынан айырылуы тіркеледі. ҚР азаматтығынан айырылғаннан кейін жеке басты куәландыратын құжаттарды пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Азаматтар зейнетақыны екі рет алғаны анықталған және заңсыз алынған зейнетақы төлемдері түрінде мемлекетке залал келтірілген жағдайда өтелуге жатады.
***
В соответствии с Соглашением о гарантиях прав граждан государств-участников Содружества Независимых Государств в области пенсионного обеспечения от 13.03.1992 года, пенсионное обеспечение граждан государств - участников Соглашения и членов их семей осуществляется по законодательству государства, на территории которого они проживают.
При переселении пенсионера в пределах государств-участников Соглашения выплата пенсии по прежнему месту жительства прекращается.
Размер пенсии пересматривается в соответствии с законодательством государства-участника Соглашения по новому месту жительства.
Согласно статье 12 Закона РК «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан» государственная базовая пенсионная выплата и пенсионные выплаты по возрасту назначаются пожизненно и осуществляются по месяц смерти или выезда на постоянное место жительства за пределы Республики Казахстан включительно.
Приобретая гражданство другого государства пенсионерам в Республике Казахстан необходимо сообщать в течении десяти рабочих дней обо всех изменениях, влекущих прекращение, приостановление пенсии, а также об изменении местожительства в том числе выезд за пределы Республики Казахстан.
Вместе с тем в соответствии с пунктом 3 статьи 10 Конституции Республики Казахстан и статьей 3 Закона Республики Казахстан «О гражданстве Республики Казахстан» за гражданином Республики Казахстан не признается гражданство другого государства. Гражданам РК следует соблюдать требования законодательства, в связи с этим нельзя приобретать иностранное гражданство, являясь одновременно гражданами нашей страны, а также учитывать негативные последствия двойного гражданства.
В случае выявления наличия двойного гражданства регистрируется утрата гражданства РК. За использование документов, удостоверяющих личность после утраты гражданства РК предусмотрена административная ответственность.
При обнаружении двойного получения пенсий и причинение государству ущерба, в виде неправомерно полученных пенсионных выплат гражданами подлежат возмещению.
