Зеленов ауданы Мичурин ауылдық округі әкімі аппаратындағы кездесу

2015 жылдың 18 тамыз күні ҚР Президентінің «Бес институционалды реформаларды іске асыру бойынша 100 қадам» Ұлт жоспарын ақпараттық сүймелдеу жоспарының аясында, ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі М.С.Нұртазин Зеленов ауданы Мичурин ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуден алдында Департаменттің Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі М.С.Нұртазин азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдаудан бастады. Қабылдауда болған азаматтар мемлекеттік қызметке өту жолдары, мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа реформалардың іске асырылуы туралы мәселелерді көтерді.
Кейін, ауылдық округ әкімі аппараты қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. Ұлт Жоспары – 100 нақты қадамның негізгі бағыттары және мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер жөнінде баяндама жасалып, сұрақтарға жауап берілді.

