Зеленов ауданы Достық ауылдық округі әкімі аппаратындағы кездесу

2015 жылдың 25 тамыз күні ҚР Президентінің «Бес институционалды реформаларды іске асыру бойынша 100 қадам» Ұлт жоспарын ақпараттық сүймелдеу жоспарының аясында, ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.С.Жұбаныш Зеленов ауданы Достық ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуден алдында Департаментінің Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.С.Жұбаныш азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдаудан бастады. Қабылдауда болған азаматтар мемлекеттік қызметке өту жолдары, мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа реформалардың іске асырылуы туралы мәселелерді көтерді.
Кейін, ауылдық округ әкімі аппараты қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. Ұлт Жоспары – 100 нақты қадамның негізгі бағыттары және мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер жөнінде баяндама жасалды және видео роликтер көрсетіліп, сұрақтарға жауап берілді.
