Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үздік кәсіпкерлер марапатталды

Жақында «Атамекен» палатасының ұйымдастыруымен

ауданымыздың дамуына елеулі үлесін қосып жүрген ең үздік кәсіпкерлер марапатталды. Бұл күні үздік кәсіпкерлер жылы лебіздерге бөленіп, қажырлы ең­бектері үшін түрлі марапаттарға ие болды. Аудандық ішкі саясат ғимаратында аталып өткен марапаттау рәсіміне "Нұр Отан" партиясы Қарақия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Көшенов, Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіптік бөлімінің басшысы Ә.Әбдіхалықова мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры А. Махмутов қатысты.

Осылайша, Жетібай ауылының тұрғындары «Үздік жас кәсіпкері» номинациясы Мерей Бекежанға, «Үздік әлеуметтік кәсіпкері» номинациясы Жасұлан Бисенбаев пен «Үздік ауыл шаруашылығы кәсіпкері» номинациясы Қарубай Алагөзовке және де «Үздік әйел кәсіпкері» номинациясы Құрық ауылының тұрғыны Гүлнар Кенесоваға табысталды. Аталған үздік кәсіпкерлер Маңғыстау облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар,

ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосқан бірқатар кәсіпкерлер аудан әкімінің алғыс хатымен және де Қарақия аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының алғыс хаттарымен марапатта­п, гүл шоқтары ұсыныл­ды.

Шара соңында аудан кәсіпкерлері іскер азаматтар үшін осындай құрмет танытқан «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына өз алғысын білдірді.

Фариза Хайдарова

0
0
115

Осы тақырып бойынша

Үздік кәсіпкерлер марапатталды - Yvision.kz