Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Зайырлы мемлекет және оның құндылықтарының БАҚ-та жариялануы»

Бүгін Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы жанындағы БАҚ-та діни тақырыпты жариялау бойынша Әдістемелік кеңес «Зайырлы мемлекет және оның құндылықтарының БАҚ-та жариялануы» тақырыбында семинар өткізеді.

Осыған орай, Сізден өзіңіз жетекшілік ететін ұжым атынан бас редактор орынбасарының және діни тақырыпты жариялайтын журналистердің аталмыш шараға қатысу мүмкіндігін қарастыруыңызды сұраймыз.

Семинар 2014 жылдың 28 мамырында Астана қ. Бейбітшілік және келісім сарайында (5-қабатта) сағат 11.00-де басталады.

Қатысу туралы мәліметті а.ж. 27 мамырына дейін тел. 21-08-57, [email protected] элек. мекен-жайына жолдауыңызды сұраймыз.

Ақпарат үшін: Әдістемелік Кеңес Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының бастамасымен діни мәселелерді жариялауда отандық БАҚ өкілдеріне кеңес беру мақсатында құрылды.

Құрметпен, ҚР Дін істері агенттігінің Баспасөз қызметі

 
0
0
490

Осы тақырып бойынша

«Зайырлы мемлекет және оның құндылықтарының БАҚ-та жариялануы» - Yvision.kz