Зайсан ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан кәмелетке
Зайсан ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған 29 жасқа толмаған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 58 жетім балалар тұрғын үйге мұқтаждар кезегіне тіркелген. 2013 жылы құрылысы аяқталған Спамбетов көшесіндегі №1/1 көппәтерлі тұрғын үйден -28, 2018 жылы Кондюрин көшесіндегі №42/3 көппәтерлі тұрғын үйлерден-22, 2020 жылы Боқажанов көшесіндегі №88 В көппәтерлі тұрғын үйден 6 адам кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған 29 жасқа толмаған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған санаты бойынша пәтермен қамтамасыз етілген.
