Зауыт жұмысшыларының сұрақтарына Г. Атабаева, А. Күзеков , Е. Әбенов және Б. Бекмұрзаев жауап берді.
Зауыт жұмысшыларының сұрақтарына Гүлзира Атабаева, Ардақ Күзеков , Ерқанат Әбенов және Бауыржан Бекмұрзаев жауап берді.
Павлодар қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Павел Горбачев «Павлодардың барлық көшелері лайықты келбетке ие болуы тиіс» дейді.
25 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясынан кандидаттар, Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «Павлодар мұнай-химия зауыты» зертханасының қызметкерлерімен кездесті. Негізінен денсаулық сақтау, экология және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау туралы айтылды.
- Партиямыздың сайлауалды бағдарламасы қарапайым, түсінікті тілде жазылған. Бұл көп беттік құжат емес, керісінше шағын кітапша. Барлығы анық және нақты іс бойынша. Сонымен қатар, Павлодарды дамыту жоспарлары көрсетілген жеке қалалық бағдарлама бар, - деп түсіндірді Павлодар қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Гүлзира Атабаева.
Медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту туралы облыстық балалар ауруханасының директоры және депутаттыққа кандидат Ардақ Күзеков айтып берді.
- «NUR OTAN» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты басымдықтары-қазақстандықтардың әл-ауқаты, сапалы білім мен медицина. Дәрігер ретінде бағдарламада денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелер көрініс тапқанына қуаныштымын, - деп атап өтті Ардақ Күзеков.
Ол кездесуге қатысушыларға 2025 жылға қарай «Nur Otan» партиясы қаламыздың үш медициналық мекемесіне жапсарлас құрылыс салуға қол жеткізетінін хабарлады. 2021 жылы қосымша құрылыс № 1 қалалық ауруханада, 2022 жылы – облыстық балалар ауруханасында, 2023 жылы – Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың хирургиялық бөлімінде пайда болуы тиіс.
- Павлодарда көпфункционалды медициналық кешен салынады. Кадр мәселесі шешіле бастайды. Облыстық бюджетте тар мамандарды даярлауға қаржы бөлінді, 318 медициналық студент әкімдік есебінен білім ала алады,-деп атап өтті Ардақ Күзеков.
Депутаттыққа кандидат атап өтті: нұротандықтар жаңа медициналық мекемелер құрылысының сапасын қадағалап, павлодарлық емханалардың материалдық-техникалық базасын жақсарту туралы мәселелерді көтеретін болады.
Қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Павел Горбачев – кәсіпкер. Оның компаниясы ескі батареяларды кәдеге жаратумен және жаңаларын сатумен айналысады. Павел Викторович Павлодарда 20 жылдан астам уақыт тұрады, төрт баланы тәрбиелеп отыр. Партияластар стихиялық қоқыс орындарын жою, қайта өңдеуге қатысты мәселелерді көтеріп, Павлодардың барлық көшелері лайықты көрінуі керек деп санайды. Олардың қай жерде орналасқанына қарамастан – қала орталығында немесе шетінде. Бұл туралы нұротандық онлайн-кездесуге қатысушыларға хабарлады.
Ерқанат Әбенов пен Бауыржан Бекмұрзаев шағын және орта бизнесті қолдау шаралары мен пандемия кезінде халыққа көрсеткен көмектері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Кездесу соңында депутаттыққа кандидаттар зауыт жұмысшыларына қалалық ортаны жақсарту бойынша олардың ескертулері мен ұсыныстарын тыңдауға әрқашан дайын екендіктерін еске салды.
На вопросы заводчан ответили партийцы - Гульзира Атабаева, Ардак Кузеков, Ерканат Абенов и Бауржан Бекмурзаев.
«Все улицы Павлодара должны иметь достойный облик»: именно так считает кандидат в депутаты павлодарского городского маслихата Павел Горбачёв.
25 декабря кандидаты от партии «Nur Otan», члены Комиссии партийного контроля встретились с сотрудниками лаборатории «Павлодарского нефтехимического завода». Говорили в основном о здравоохранении, экологии и поддержке социально-уязвимых слоев населения.
- Предвыборная программа нашей партиии написана простым, доступным языком. Это больше не многостраничный документ, а скорее - небольшая брошюра.Все четко и по делу. Причем есть отдельная городская программа, где отражены планы по развитию именно нашего Павлодара, - объяснила кандидат в депутаты павлодарского городского маслихата Гульзира Атабаева.
Об улучшении качества оказания медицинских услуг рассказал Ардак Кузеков – директор областной детской больницы и кандидат в депутаты.
- Главные приоритеты предвыборной программы партии «NUR OTAN» - благополучие казахстанцев, качественное образование и медицина. Как медик, я рад, что в программе нашли отражение вопросы, касающиеся сферы здравоохранения, - отметил Ардак Кузеков.
Участникам встречи он сообщил, что к 2025 году партия «Nur Otan» будет добиваться строительства пристроек к трем медучреждениям нашего города. В 2021 году пристройка должна появиться у городской больница № 1, в 2022 году – у областной детской больницы, в 2023 году – у хирургического отделения областной больницы имени Султанова.
- В Павлодаре будет построен многофункциональный медицинский комплекс. Начнет решаться кадровый вопрос. В областном бюджете уже заложены деньги на подготовку узких специалистов, 318 студентов-медиков смогут получить образование за счет акимата, - перечислил Ардак Кузеков.
Кандидат в депутаты отметил: нуротановцы будут следить за качеством строительства новых медучреждений, поднимать вопросы об улучшении материально-технической базы павлодарских поликлиник.
Кандидат в депутаты городского маслихата Павел Горбачёв – предприниматель. Его компания занимается утилизацией старых аккумуляторных батарей и продажей новых. Павел Викторович живет в Павлодаре уже больше 20 лет, воспитывает четверых детей. Как партиец поднимает вопросы о ликвидации стихийных свалок, вопросы, касающиеся вторичной переработки, и утверждает, что все улицы Павлодара должны выглядеть достойно. Вне зависимости от того, где они расположены – в центре города или на окраине. Об этом нуротановец и сообщил участникам онлайн-встречи.
О мерах поддержки малого и среднего бизнеса и о помощи, которую партийцы оказали населению во время пандемии, подробно рассказали Ерканат Абенов и Бауржан Бекмурзаев.
В конце встречи кандидаты в депутаты напомнили заводчанам, что всегда готовы выслушать их замечания и предложения по улучшению городской среды.
