Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Зауыт жұмысшылары «Nur Otan» партиясын қолдайтындықтарын жеткізді

«Nur Otan» партиясы атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер ХАЙРУЛЛА ҚОЖАБАЕВ, сондай-ақ қалалық мәслихатқа үміткер БАУЫРЖАН ХУДАЙБЕРГЕНОВ пен САҒЫНБЕК АСЫЛБЕКОВ «Кентау трансформатор зауыты» АҚ жұмысшыларымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.

«Nur Otan» партиясы халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында өңдеу кәсіпорындарын дамыта отырып, Кентау қаласының артықшылықтары мен әлеуетін пайдаланатын болады. 2025 жылға Кентау қаласының өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,5%-ға артатын болады. Мемлекеттік бағдарламалар мен жеке инвесторлар есебінен өңдеу, ауылшаруашылық, шағын және орта бизнес салаларында барлығы 3,6 млрд. теңгені құрайтын 4 жобаны жүзеге асыру жоспарын қолға алады. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы полиэтиленді труба, радиатор, темір-бетон, кабель шығару өндірістерін ашуға ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылға қарай тұрақты 500 жаңа жұмыс орны ашылып жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ға төмендейді.

Біз халықтың жайлы қалада тұрғанын қалаймыз. «Nur Otan» партиясы бұл бағытта тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Нәтижесінде 2025 жылы қала тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді. Таза ауыз сумен қамтып, табиғи газ беріледі. Сапалы жолдар төселіп, экологиялық ахуал жақсарады. Ең бастысы халықтың өмір сүру сапасы артады. Әлеуметтік жағдай жақсарады.

Кездесуде зауыт жұмысшылары «Nur Otan» партиясын толықтай қолдайтындықтарын жеткізді.

0
0
140

Осы тақырып бойынша

Зауыт жұмысшылары «Nur Otan» партиясын қолдайтындықтарын жеткізді - Yvision.kz