Өзара ынтымақтастық жөнінде Көліктік бақылау инспекциясымен Меморандум жасалды
Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті және Батыс Қазақстан облысы көліктік бақылау инспекциясымен өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандум жасасты.
Осы меморандум аясында жүктерді жолдарда тасымалдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және инспекция қызметкерлеріне пара беру фактілерінің алдын алу бойынша іс-шаралар қарастырылған.
