Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өзара пікір алмасып, ұсыныстарымен бөлісті

«Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі Тулебаев Қайрат Асылбековичтың төрағалығымен « Партияның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру барысы» тақырыбында жиын өтті. Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы - адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер – Заңда белгіленген және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар туралы және өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптстыру жайлы айтылды.

Сыбайлас жемқорлық - тек жай ғана құқық бұзушылық емес, ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер болып табылады. Азаматтық қоғамның қатысуынсыз жемқорлыққа қарсы тұру мүмкін емес. Негізінен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы жасөспірімдермен жұмыс жүргізу маңызды рөлді атқарады. Осы тақырыпта жиналғандар өзара пікір алмасып, ұсыныстарымен бөлісті.

0
0
251

Осы тақырып бойынша

Өзара пікір алмасып, ұсыныстарымен бөлісті - Yvision.kz