«Замансөз» телебағдарламасы

2015 жылғы 12 наурыз күні «Қазақстан-Орал» телеарнасында «Замансөз» телебағдарламасы көрсетілді. Кезекті телебағдарлама шығарылымының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – барша қоғамның ісі» атты тақырыбын Мемлекетік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен ұсынылды. Түсірілім «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облысы филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі қоғамдық Кеңестің төраға орынбасары, еңбек ардагерлері, дін басқармасы өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, жастар қоғамдық бірлестіктері, кәсіподақ мүшелері, Департамент қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Бағдарламада сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жазасын өтеушінің тәубаға келу туралы бейнесюжеті көрсетілді. Жазасын өтеуші өзінің жасаған қылмысы үшін ұялатынын, темір тордың ар жағында уақытты жоғалтып жатырғанын, өзінің ата-анасы мен балаларының өміріне алаңдайтындығын, өйткені оларға ұят келітінін ойлап өкінетіндігін баяндайды. Бағдарламаға қатысушылар бейнесюжетті талқылап, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне қарсы тұру жолдарын ұсынып, аталған әлеуметтік-экономикалық кері әсері бар көрініспен күресуде әрқайсысымыздың маңызды роль атқаратындығына тоқталды.

