Заңсыз жолмен магистратура грантын иеленгісі келетіндер әлі де анықталуда
2019 жылғы 13 тамызда М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да өткен тестілеуге 72 үміткер қатысып, тестілеу залына 27 мультимедиялық құрылғы (ұялы телефон, калькулятор) алып кіру фактісінің жолы кесілді.
Білім және ғылым министрлігі мамандарының тестілеу барысында ұялы телефонға тыйым салынғаны туралы жүргізілген нұсқауына қарамастан ұялы телефон және көмекші құрал пайдаланғаны үшін 2 үміткер тестілеу залынан шығарылды.
