Заңнамадағы новеллалар туралы ДАПК-да айтылды
2021 жылғы 4 ақпанда «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Саметтің қатысуымен «Атамекен» өңірлік палатасының және аудандық бөлімшелерінің қызметкерлері үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөніндегі заңнамалық шаралар және Агенттіктің жобалары туралы» тақырыбында онлайн кездесу өткізілді.
Онлайн режимде спикер қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық үшін отставкаға шығуы және басшылардың тәртіптік жауапкершілігі институтын енгізу, нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын қалпына келтіру, Агенттіктің халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жұмысы, «PBI», «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобалары және туралы ақпараттандырды.
Сонымен қатар, Н.И.Самет мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйлықтар алуға толық тыйым салу енгізілгенін, сыбайлас жемқорлықтың субъективті құрамын кеңейту және комплаенс-қызметтер институтын енгізу туралы айтты.
Кездесуге қатысушылар аталған іс-шараны өткізудің маңыздылығын атап өтіп, елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан шараларға қатысты өз пікірлерін білдірді.
