Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің жиналысы туралы баспасөз ақпараты
Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің жиналысы болып, онда 2013 жылы мемлекеттік органдардың экономикалық қызмет саласындағы қылмыстармен күрес бойынша өзара іс-қимылының тиімділігі мен заңдылығының жай-күйі туралы мәселелер талқыланды.

