Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы туралы баспасөз ақпараты
Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы болып өтті. Онда жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстарды тергеу, ашу, жаза тағайындау мен өтеу заңдылығының мәселелері, сондай-ақ олардың профилактикасы мен сақтандыру ісі бойынша уәкілетті органдар қабылдап отырған шаралар талқыланды.
