Заңға құрмет

Жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында жәнежастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, олардың азаматтық белсенділігін, әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуетін ашу тетіктерін қалыптастыру бағытында 2015 жылдың 30 шілдесі күні тарихи патриоттық мәні бар Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, «Жас Ұрпақ» жасөспірімдердің әлеуметтік даму орталығымен бірлесіп, аула клубтары арасында «Заңға құрмет» атты іс-шара өткізді.
Шараның ашылу салтанатында Департаменттің Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.Жұбаныш қатысушылармен қонақтарға шараның мақсатын түсіндіріп, сайыстарға белсенді қатысуға шақырды. Кейін аула клубтары шағын топтарға бөлініп, станциялық ойындар ойнады. Онда оқушылар сенім, адалдық, достық-сыйластық, сенім, кедергілер, әділдік және отансүйгіштік кедергілерден өтті.
Сайыстар соңында барлық қатысушы клубтарға Департамент атынан алғыс хаттар берілді.
Сонымен қатар, концерттік қойылымдармен «Ак желкен» және «Атамұра» аула клубтарының балалары өз өнерлерін көрсетті. Олардың билері мен өлеңдері көрермендердің көңілінен шығып, достық пен келісім мерекесінің көрінісін байқатты.
Шара соңында қатысушыларға арнайы көбейту кестесі бар жаднамалар таратылды.

