Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өз құқығыңды қорғай біл.

Кәсіподақ - қолдаушы күш. Қазіргі күні қоғамда өзгеден озық, бітім - болмыс жағынан ешкімге ұқсай бермейтін, рухани және материалдық жағынан салмақты орны бар ұйым-кәсіподақ және халық арасында зор сенімге, айтулы беделге ие ұйым. Бұл қоғамдық ұйым жергілікті жердегі сан қырлы қызметті ұйымдастырушы қарапайым қызметкерлер мен жұмыскерлердің жанашыры және олардың мұң - мұқтаждарын жедел шешуге атсалысатын бірден –бір орын. Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның кәсіподақтары – тұрақтылықтың тірегі, әлеуметтік-еңбек қатынастарының базалық элементі» - деп кәсіподақтар қызметін жоғары бағалаған болатын. Осы тұрғыда бүгін аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен «Өз құқығыңды қорғай біл» - тақырыбында аудандағы салалық кәсіподақ ұйымының өкілдерімен кездесті.

Аталмыш кездесуге аудандағы білім, денсаулық, мәдениет, қаржы, экономика, ішкі саясат, ауыл шаруашылық бөлімдеріндегі салалық кәсіподақ ұйымының өкілдері қатысты. Басқосуда салалық ұйым өкілдері өздерінің ойларын ортаға салып, ұйымның ауданымызда дамып жатқанын тілге тиек етті.

0
0
283

Осы тақырып бойынша

Өз құқығыңды қорғай біл. - Yvision.kz