"Өз тағдыры мен елінің"
Өз сөзінде: «Осындай текті халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының пешенесіне бұйырмаған бақытты – тәуелсіз мемлекет құрудың бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық бақыт жоқ, осы жолда мен бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын…» деп жүрекжарды сөзін айтқан болатын. Міне, содан бері Елбасы халқына сеніп, ел-жұртына арқа сүйеп келеді. Халқы да Тұңғыш Президентіне деген сенімділігін жоғалтпай, оның бастаған баянды істерін мәңгілік қодайды, тарих беттері оны ешқашан ұмытпайды. Тәуелсіз Қазақстанның әрбір бақытты тұрғыны Елбасының қажырлы еңбегі мен білгір саясаттылығына алғыс айтатыны сөзсіз.
