Өз еліңнің заңын біл және оны құрметте
2015 жылдың 12 мен 24 қазан аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой қалыптастыру мақсатында, Орал қалалық №31 ЖОББМ онкүндік өтуде.
Бүкіл мектептік саптүзеуде (линейка) оқушыларды құқықтық тәрбиелеу бойынша «Өз еліңнің заңын біл және оны құрметте» тақырыбында онкүндік бастау алды.
Он күн ішінде мектепте түрлі шаралар өткізілді олар: ата-аналарға арналған дәрістер, оқушыларға түрлі құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлерімен кездесуді ұйымдастыру, «Закон и порядок» тақырыбында стенд шығару, «Өз құқығыңды білесің бе? атты кітап көрмесі, «Я рисую детство», «Права ребенка» атты сурет салу байқауы және түрлі ойындармен викториналар.
17 қазан күні Департаментпен бірлесіп, «Будущее без коррупции» тақырыбында жоғарғы сынып оқушыларына сабақтан тыс тәрбие сағаты өткізілді.
Шараға қатысушылар алдында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы В.Масимова сөз сөйлеп, Агенттіктің кейбір қызметтерімен таныстырып, сыбайлас жемқорлықты қабылдамау атмосферасын жасауда жастардың ерекше рөл алатындығына тоқталды.
Іс-шара барысында жоғары сынып оқушыларына тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, қарап болғаннан кейін оқушылар жағдаяттарды талдап, сыбайлас жемқорлық туралы өз ойларын білдірді.

