"Өз денсаулығыңды тексер"
Бүгін қалалық көпбейінді аурухана мамандарының қатысуымен "Өз денсаулығыңды тексер" атты акциясы өтті.

Акцияның негізгі мақсаты-аурудың бастапқы кезеңін және тәуекел факторларын айқындау үшін жас ерекшеліктеріне сәйкес скринингтен өту қажеттілігін, профилактикалық медициналық тексерулерден уақытылы өтудің маңыздылығын халықтың назараны жеткізу.

Акция барысында тұрғындар тарапынан денсаулық мәселесіне қатысты сұрақтар қойылып мамандар тарапынан кеңестер берілді.

