Қызылжар ауданында «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясының қорытындысы жасалды

«Парасыз болашаққа. Бірге!» акция аясында а.ж. 1 тамызында Қызылжар ауданы Бескөл ауылында жемқорлыққа қарсы форум өткізілді.
Аталған форумның мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлықтың профилактикасын нығайту және ауданның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың жұмысын қорытындылау.

Аудан әкімінің м.а. Т.Қ. Есжанов форумды аша отыра, сыбайлас жемқорлықпен күрес Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының маңызды басымдығы болып табылатынын атап өтті.
Форумға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің СҚО бойынша департаменті басшысының м.у.а. Ж.Ж. Жұмабаев, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың мүшелері: С.Н. Зайцева –сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы СҚО бойынша Департаментінің инспекторы, Р.Ш.Асаубаев - «The Last Hope» үкіметтік емес ұйым» қоғамдық бірлестіктің төрағасы, Е.С. Старостина – облыстық мәслихат депутаты қатысты.

«А.ж. наурыз айынан бастап облысымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтар жұмыстарын бастады. Аталған топ халыққа сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясытының маңыздылығын түсіндіре отыра, 200 астам ұжымдарды қамтыды» - өз баяндамасында Жанат Жұмабаев айқындады.
Барлық баяндаушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық азаматтық қоғамның өкілдерінің жігерлерін біріктіру қажеттілігі туралы айтты.
Форумда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жұмысына белсенді қатысқаны үшін Департаменттің алғыс хаттарымен жастар, «Нұр Отан» партиясының өкілдері және мемлекеттік қызметкерлер марапатталды.
Кездесу соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы эстафетасы Тайынша ауданына тапсырылды.
Форум аудан мәдениет үйінің әртістерімен дайындалған концерттік номірлермен аяқталды.

