Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылордада жаңа 19 спорт нысаны салынады

Алдағы 5 жыл шеңберінде «Nur Otan» партиясы халықтың денсаулығын нығайтуға, халықты бұқаралық спортқа тартуға баса назар аударатын болады. Ол үшін 19 спорттық нысан салу жоспарлануда. Нақтырақ айтсақ, 5 спорттық-сауықтыру кешені, 12 стритбол алаңы мен 2 жүзу бассейні салынбақ. Және партия 2 спорт кешенінің күрделі жөндеу жұмысы мен 23 объектінің ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтауға ықпал ететін болады.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған осынау бастамалар туралы «Nur Otan» партиясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Смағұл Бақытбек, Балайым Кесебаева, облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Мұстафа Садық пен Бауыржан Мастеков аймақтың танымал спортшыларымен өткен кездесу барысында айтты.

Басқосуда ең алдымен үміткерлер партияның алдағы 5 жылға жоспарланған бағдарламаның негізгі 7 бағытымен, үгіт-насихат кезеңіндегі бастамалары және жоспарларымен таныстырды. Ал еркін пікір, ашық әңгіме алаңында сөз алған дзюдошы Руза Духтурбаев пен панкратионшы Жанат Мұратова өңірде спорт саласын дамыту мәселесін қозғап, бұқаралық спортты дамыту, спортшыларды қолдау, салауатты өмір салтын ұстану әдеттерін қалыптастыруға байланысты тың ойларын білдірді. Әрі Қызылорда қаласының спорт мектебін ашып, жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттыру үшін спорттық үйірмелер саны көбейтілсе деген талап-тілегін жеткізді.

– Дені сау ұлт – мемлекеттің табысты болашағы. Сондықтан да, «Nur Otan» партиясы спортты дамыту міндеттерін алға қойып отыр. Мәселен, Шұғыла мөлтек ауданы, Тасбөгет кенті мен Мұратбаев көшесінің бойына 3 стритбол алаңын салып, әр жыл сайын кем дегенде 120 спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға ниетті. Ал еңбек ұжымдарында спорт командаларын құру, Қажымұқан атындағы спорт клубының ғимаратын жөндеу секілді мәселелер күн тәртібінде тұр. Әрі партия бұқаралық спорттың дамуына қолайлы жағдай жасай отырып, спортпен айналысатын тұрғындардың үлесін 31%-дан 35%-ға дейін арттыруды көздеп отыр, – деді үміткер Смағұл Бақытбек.

Спортшылар үгіт тобымен болған осынау кездесуде салаға қатысты мәселелердің түйінін тарқатып, салмақты сауалдарына тұшымды жауап алды. Өз кезегінде үміткерлер үгіт парақтарын таратып, спортшыларды алда болатын сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

Сайлау2021

0
0
174

Осы тақырып бойынша