ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қызылордадағы экспедиция

1.07.2014

ӨНЕРЛІГЕ НҰР ЖАУАР ДЕВИЗЫМЕН Қарағанды қаласының оқушылары Қазақстанның ыстық жүрегіне  бел буды.Білімге құмар,жаңа белгісіз кереметке ынтық жастар,ол -біз.

Бірінші күні бізді қызыл кілемді айқара жайып,күннің ертелігіне қарамастан Қызылорда қаласының ХББ НЗМ-нің оқушылары жылы лебіздерімен қарсы алып,күні бойы көңілімізді көтеруге тырысты:концерттік бағдарламаны қойып,кешке велосипед теуіп,интеллектуалдық ойындар ойнатқызып,сонымен қатар Қызылорда туралы мәлеметтерді де бере алды.Ал ең бастысы, күніміздің изюмикасы,ол –достығымыздың белгісі болатын,мектебіміздің символына сәйкес келетін,өзінің өсу жолын енді алып келе жатқан гүл болды,біздің мектебімізге сый ретінде тарту етілген естелік.Бұл да Қызылоданың қонақжайлығын білдірді,аса маңызды болмаса да,жүрекке жағымды көңіл болды.

Шынымды айтсам,бұл қалаға бару маған үлкен қиындық ретінде көрінді,бірақ шұбартылып айтыған сөз бірінші кездесумен толығымен өзгертілді.Қала өте әдемі,таза,тұрғындары көп болмаса да өте ақкөңіл,мейірімді жәнә ақпейіл.Басқаша айтқанда,даму ағысын дұрыс тауып,көркею үстіндегі тарихы мол қала.

Қызылорда