ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қызылорда облыстық партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Г.Әбідқалықова тұрғындар тілегін тыңдады

Карантиндік талаптарды сақтай отырып, ZOOM платформасы арқылы өткен қабылдауда тұрғындар баспана, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек, жер мәселесін заңдастыру секілді көкейтесті сауалдарын облыстық партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Гүлшара Әбідқалықоваға тікелей жеткізді. І-ші топ мүгедегі Вениамин Иванов он жылға жуық уақыттан бері пәтер кезегінде тұр. Ол Қызылорда қаласынан өзінің кезектілігі бойынша пәтер алу мәселесі тез шешілсе дейді. Ол үшін екі жақты әріптестік арқылы мүгедектерге тұрғын үй беру мәселесі бойынша арнайы бағдарлама жасалып, ипотекалық пәтер алуға мүмкіндік жасалса. Әсіресе, екінші санаттағы үй алуға мүмкіндік берілсе деген ұсынысын алға тартты. Облыс басшысы екі жақты әріптестік арқылы мәселенің қаралуын қолдайтынын білдіріп, бұл бағытта жұмыс жасалатынын айтты. Ал, ІІ-ші топ мүгедегі Александр Ульяновский электорлық қол арбаға таңылғандықтан оны қуаттағыш батареялар мен ортопедиялық жастық қажет екенін айтты.Сонымен қатар, медициналық мекемелерге, сауда, қызмет көрсету орталықтарына мүмкіндігі шекетулі азаматтар үшін емін - еркін кіріп шығуына жағдай жасалса дейді. Батарея және ортопедиялық жастықпен қамтамасыз етуге қатысты өзге өңірлердің тәжірибелері зерделеніп, мүмкіндіктер жасалатын болды. Тиімді ортаға қол жеткізу мәселесі бойынша оған тиісті органдармен бірлесіп жұмыс жасау ұсынылды. Қала тұрғыны Зауре Уксимбаева бір топ мүмкіндігі шектеулі азаматтар атынан өтініш білдірді. Оның айтуынша 2016-2017 жылдары облыста мүмкіндігі шектеулі 33 адам КИК бағдарламасы арқылы ипотекалық несиемен үй алған. Бүгінгі таңда ипотекамен үй алғандарға 80% субсидия жасап берілуде екен. Алайда осы жеңілдік жоғарыдағы үй алған азаматтарға қаралмаған, осыған ықпал жасалса дейді. Мәселе, тиісті министрліктер арқылы зерттелетін болды. Қабылдауда болған зейткер Күләш Алматшаева Қызылорда облысына еңбегі сіңген, ең алғашқы атақты радио дикторы, «Сыр-Сұлу» ән-би ансамблінің жетекші-режиссері, «Қызылорда вальсі» әнін алғаш орындаушы, ағасы Жаңабаев Сәбит Алматшаұлына өзі туып өскен Қармақшы ауылынан немесе қаладан көше атауын беруді сұрады. Ереже баршаға ортақ. Мәселе тиісті комиссиялар тарапынан зерделеніп барып шешілетіндігі түсіндірілді. Жалпы қабылдауға келген азаматтардың барлығының ұсыныс тілегін мұқият тыңдаған облыстық филиал төрағасы, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова арыз-шағымдар мен ұсыныстардың орындалуын қамтамасыз ету үшін тиісті орган басшыларына нақты тапсырмалар берді.