Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Қызылоба» ауылы тұрғындарымен кездесу

2017 жылдың  23 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Қызылоба ауылы тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді.

Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басқарма басшылары Б.М.Хайруллин мен Б.С.Ибрашев, білім саласы қызметкерлері, қамқоршылар кеңестері және ата-аналар комитеттерінің мүшелері, мектеп басшылығы қатысты.

Мобильдік топ мүшелері шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мәселелері түсіндірілді.

 
0
0
519

Осы тақырып бойынша

«Қызылоба» ауылы тұрғындарымен кездесу - Yvision.kz