Қызылқоға аудандық сайлауалды штабының мүшелері жұмыстарын бастады.
Кездесуде Қызылқоға аудандық сайлауалды штабының басшысы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Т.Е.Бейсқали, штаб басшысының орынбасарлары Ж.Ізбасқан мен А.Аққайнанов, штаб мүшесі С.Темірғалиевтар сөз алып, қатысушыларды «Nur Otan» партиясының Қызылқоға ауданының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Ұстаздар тарапынан сөз алған Б.Аманшин атындағы орта мектептің директоры З.Жаңабаева, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп директорының орынбасары А.Арыстанғалиева және Ы.Шөреков мектеп-гимназияның әлеуметтік педагогы С.Мергенғалиевалар «Nur Otan» партиясын қолдайтындықтарын айтып, әріптестерін сайлау күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
