Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен қанағаттануы – басты басымдық

2017 жылдың 21 қарашада «Ақжайық» облыстық радиосының «Главные приоритеты» бағдарламасының тікелей эфиріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Мемлекеттен көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Бауыржан Сағидоллаұлы Ибрашев қатысты.

Бағдарламада мемлекеттен көрсетілетін қызметтердің сапалылығы мәселесі талқыланды. Бағдарлама қонағы мемлекеттен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша облыста қолданылып жатырған шаралар жөнінде айтты.

Өз сөзінде Б.Ибрашев елімізде жыл сайын қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен қанағаттануы бойынша қоғамдық мониторинг жүргізілетіндігін атап өтті. Өткен жылы Батыс Қазақстан облысында қанағаттану деңгейі 82%-ды құрап отыр. Бұның өзіқызмет алушылардың қанағаттану деңгейінің жоғарылығын көрсетуде.

Сондай-ақ, ол радиотыңдаушыларды қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен қанағаттанбаған жағдайда оған қызмет көрсеткен тікелей мемлекеттік органға шағымдана алатындығы жөнінде ақпараттандырды. Егер облыс тұрғындары мемлекеттік қызмет стандарттарында белгіленген мерзімнен кейін қызмет көрсетілу немесе басқа да рәсімдерді бұзу фактілеріне тап болған жағдайда Департаментке жазбаша түрде шағымдана алады.

 
0
0
386

Осы тақырып бойынша

Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен қанағаттануы – басты басымдық - Yvision.kz