Ютария ұжымымен онлайн форматта үгіт-насихат кездесуі өтті
«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласынан жергілікті мәслихат депутаттығына ұсынылған үміткерлердің Ютария ұжымымен онлайн форматта үгіт-насихат кездесуі өтті.
Кездесуге Омурзаков Азамат Тұрсынбекұлы - ЖШС «AzamatGroup» басшысы, Аюпов Аман Біләлұлы-ЖШС «Фирма Алкон +» басшысы және Қасымбаев Мейрхат Мейрамханұлы - ЖШС «КазСнабСтройСервис» директордың кеңесшісі, Тажимуратов Ғабит Қалиұлы - "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайының Басқарма төрағасы қатысты.
Кездесуде тұрғын үй мәселесі және жастарды жұмыспен қамтуға байланысты өзекті мәселелері көтеріліп кездесу жоғары деңгейде өтті.
Кездесу аясында мекеменің 50-ге жуық қызметкерлері қатысып, көкейде жүрген сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауап алды.
